Түркістан облысында баланы аяусыз тепкілеген ер адам ұсталды

Ер адамның баланы аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық бейнеленген видео тарап жатыр. Онда ер адам жерде отырған баланы тепкілеп жатқаны бейнеленген. Кейін ол балаға айғайлайды. Балалар жылап жатыр.

Бұл оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Балаларға жасалған заңсыз әрекеттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажет тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Істің тергеу барысы Түркістан облысы бойынша ДПБ басшысының жеке бақылауында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!