Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері Түркістан облысы Сарыағаш ауданында балалар тамақтан жаппай уланды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білім басқармасының мәліметінше, дүйсенбіде таңертең балалар бояудың иісінен қолайсыздық сезініп, дереу жедел жәрдем шақырылған. Оқушылар ауруханада бір сағатқа жуық болып, одан кейін бірден үйлеріне жіберілді. Қазір балалар онлайн форматта білім алып жатыр.
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, балалар тамақтан жаппай уланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Бүгінде бұл жағдайды зерттеу бойынша жұмыс комиссиясы құрылды", - делінген жауапта.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!