- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында балабақшадағы...
Түркістан облысында балабақшадағы балалар жаппай уланып қалған
Түркістан облысында балабақшадағы балалар жаппай уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 маусымда Келес ауданындағы жекеменшік балабақшадағы тәрбиеленушілер тағамнан улану бойынша аудандық аурухана қызметіне жүгінген.
"Науқастарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, зертханалық тексеруге зерттеу сынамалары алынды. Балалар үйлеріне қайтарылды. Олар үйлерінде амбулаторлық бақылауда. Үшеуі инфекция бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы бірқалыпты. Жұғу жолдары, көздері зерделеніп жатыр. Эпидемиологиялық іс-шаралар жүріп жатыр. Зертханалық нәтиже қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі", - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина