- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында...
Түркістан облысында балабақша басшылығы даун синдромына шалдықққан баланы қабылдаудан бас тартқан
Түркістан облысында балабақша басшылығы даун синдромына шалдықққан баланы қабылдаудан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне даун синдромына шалдыққан бүлдіршіннің анасы шағымданған. Оның айтуынша, ұлын Отырар ауданындағы балабақшаның инклюзив тобына қабылдамай жатыр. Яғни, мектепке дейінгі мекеме басшылығы инклюзив топтың психикалық дамуы тежелген балаларға арналғанын алға тартып, қабылдаудан бас тартқан.
Өкіл бұл мәселеге араласып, бүлдіршіннің құқығын қорғауға көмектесті. Осы факті бойынша уәкілдің өңірдегі өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады.
Cоғында бүлдіршін балабақшаға қабылданып, оның құқығы қорғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан