Түркістан облысында бала шеге жұтып қойған

Түркістан облысында төрт сантиметрлік бұрандалы шеге жұтып қойған бір жасар бала құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бала ауруханаға 27 қазанда ауыр жағдайда түскен. Ол тұншығып, демалуы қиындаған.

Медициналық мекеменің хирургі Мұқағали Темірбековтің айтуынша, баланың тыныс алу жолына тұрып қалған шеге ота жасамай-ақ алынған. 

Қазір баланың өміріне қауіп жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз