Түркістан облысында азаматтар мүлкі мен табысы бар отбасы мүшелерін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғындар өздерінің нақты табысын және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын жасырғаны анықталды.
"Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары табысын жасырып, мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген. Сонымен қатар, Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасы мүшелерін әдейі жасырған, осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!