Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті әйел күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Алайда есігі кілттенбеген үй иесінің жоқтығын байқап, жатын бөлмесіндегі шкаф сөресінде тұрған бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып кеткен.
Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Содан соң ұрланған алтындарды өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз