- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында әйел...
Түркістан облысында әйел жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысында жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 тамызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
"Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков
@POLICE_of_KZ
Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы жағдай тіркелген отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" бойынша сотады тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан