Түркістан облысында автошеру ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез тасжолының 754-шақырымында автошеру ұйымдастырып, өзге көліктердің қозғалысына кедергі келтірген жүргізушілер анықталған.
Полиция қызметкерлері жолдағы жағдайды дер кезінде бақылауға алып, құқықбұзушылықтың жолын кескен.
Той кортежін ұйымдастырғандар 23 жастағы жігіттер болып шықты.
"Шымкент қаласынан Сарыағашқа бағыт алған Toyota Corolla және Chevrolet Cobalt көліктерінің жүргізушілеріне заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды", - деді Түркістан облысы ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!