- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында ауыл...
Түркістан облысында ауыл жастары асарлатып, мұқтаж отбасыға баспана салып берді
Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының жастары мұқтаж отбасыға жаңа баспана салып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ақдалалықтар жаңа үйді асарлату дәстүрімен аз уақытта тұрғызған. Бұл игі іске тек жастар емес, ауылдың өзге де азаматтары да ат салысыпты. Ауыл жастарының бір легі іргетасын құйса, келесі легі кірпішін қалаған. Енді бірі ішкі және сыртқы жұмыстарын өз мойнына алған. Осылайша, жиһаз-мүлкімен, жарығы, суы қосылған төрт бөлмелі баспана мұқтаж отбасының қуанышына айналды.
Айта кетейік, бұл - арыстықтардың жерлестеріне сыйлаған бесінші баспанасы.
Жаңа үйдің иесі – Өткелбаевтар отбасы. Отағасы денсаулығына байланысты ауыр жұмыстарға жарамайды. Бұған дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Жаңа баспана иесі барша көмек қолын созған жандарға өз алғысын жаудырып, жасаған жақсылықтары еселеп қайтсын деген тілегін жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан