Түркістан облысында ауруханада емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен

Түркістан облысының полициясы жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 қазанда медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен.

"Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажет шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, барлық кінәлі тұлғаға қатысты қатаң шаралар қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!