Түркістан облысында атыс болды: бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскен

Түркістан облысында атыс болды: бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскен
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында атыс болды, салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында болған.

"Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел тергеу тобы дереу шыққан. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілер анықталған.

"Олардың бірі қамауға алынды. "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - деді өңірдің ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget