Түркістан облысында аса ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 31 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметке сәйкес ол Алматы облысында іздеуде жүрген. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдіктіні Жетісай көшелерінің бірінен қолға түсірген.

"Ұсталған адам одан әрі тексеріс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!