Самара-Шымкент тасжолында 50 градус ыстықтан бетон жабыны көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше Түркістан облысында М-32 "Самара-Шымкент" тасжолының 2234-шақырымында (Түркістан қаласына қарай Тамерлан ауылының маңында) сағат 16:00 шамасында ауа температурасының жоғарылауына байланысты (50 градусқа дейін) цемент-бетон төсемі көтеріліп кетті.
"ҚазАвтоЖол" АҚ хабарына қарағанда, мердігер ұйым ақауларды жою жұмыстарын жүргізген. Оларға төрт арнайы техника мен 10 жол жұмысшысы жұмылды. Сөйтіп, күннің соңына дейін жол жүру қамтамасыз етілді.
Фото: "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі