- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында әмиянына...
Түркістан облысында әмиянына есірткі салып, шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды
Түркістан облысы Cарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда "Келли" атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға үріп, полицейлерге белгі берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдіктінің қол әмиянының ішінен жасырып қойған есірткіге ұқсас зат табылды.
Алынған зат сараптамаға жолданып, оның "кептірілген марихуана" екені расталды.
Ұсталған азамат Өзбекстан елінің тұрғыны болып шықты. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан