Түркістан облысында алғаш рет шала туған нәрестеге бірегей ота жасалды

Түркістан облысында алғаш рет шала туған нәрестеге бірегей ота жасалды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында алғаш рет шала туған нәрестенің көзіне ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

№3 периниталдық орталықтың дәрігерлері бар-жоғы 27-аптада дүниеге келген сәбидің көзіне шұғыл ота жасау керек деген ұйғарымға келген.

Шала туғандардың ретинопатиясы диагнозы қойылған шақалаққа дереу ота жасалмаса, зағипқа айналу қаупі төнген.

"1245 грамм болып туған нәрестені Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына ауыстыру да қатер тудырған. Сондықтан дереу іске кіріскен ақ халаттылар бір жарым сағат ота жасап, сәбидің көзін сақтап қалған", - деп жазылған мәліметте.

Қазір ұл бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Сәби салмақ жинаған соң анасымен бірге үйіне шығарылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget