- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында алаяқ...
Түркістан облысында алаяқ әйел қойшыны алдап кеткен
Түркістан облысы Сайрам ауданының полицейлері қойшыны алдап, оның атына онлайн несие рәсімдеген күдікті әйелді қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші бұл жағдайды банктен несиені төлеу туралы хабарлама келген кезде ғана білген. Ол кісі қойшы болып жұмыс істеген. Смартфонды қалай қолдану керек екенін түсінбей, ауруханада жолыққан бейтаныс әйелден көмек сұраған.
Келіншек кейбір қосымшаларды орнату үшін ер адамның жеке куәлігін сұрап, оның атынан мобильді қосымша арқылы несиеге сұраныс жіберген. Мақұлдау алғаннан кейін ақшаны өзіне аударып, тұрғынға бір миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Ал бейтаныс әйел ірі көлемдегі ақшаны бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйел ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина