Түркістан облысында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалды. Оқиға Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында болған. Төбелестің неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны әзірше белгісіз, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті бұл жайтты ресми түрде тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалған. Барлық жағдай анықталып жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!