Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жықты деп айыпталған Алмас Садақбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Жетісай аудандық сотында мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурор айыпталушы бір емес, бірнеше рет әкесінің денсаулығына зиян келтіргенін мәлімдеді.
Ал айыпталушы Алмас Садақбаев соттан жеңіл жазалауды өтінген. Ол кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін айтқан.
"Әкесі Есіркеп Садақбаевтың денсаулығы нашар болуына, өздігінен жүріп тұра алмауына байланысты күш қолданып, денсаулығына зиян келтірген", - деді Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Кейінірек бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2025 жылы желтоқсанда іс сотқа жетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!