Түркістан облысында әжетхана шұңқырына құлаған екі жасар бала көз жұмды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол ауладағы әжетхана шұңқырына құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 22 шілдеде болған. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қараусыз қалған сәби тереңдігі шамамен 2,5 метрлік шұңқырға түсіп кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығы өкілдері барған. Баланы шұңқырдан шығарып алғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!