- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мал ұрлығы
Түркістан облысында ағайынды жігіттер көршісінің малын ұрлап кеткен
Фото:
polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер көршісінің 20-ға жуық қойын ұрлаған екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар ағайынды екі ер адамды ұстады.
Күдіктілер жергілікті жердің жұмыссыз тұрғындары болып шықты. Яғни олар алдын ала сөз байласып, түнгі уақытта көршісінің қорада тұрған 20 қойын Газель автокөлігіне тиеп, иесіне байқатпай жымқырып кеткен.
Содан малдарды сатып, ақшаны өзара бөліскен. Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина