Түркістан облысында ағайынды балалар суға батып кетті

Түркістан облысы Келес ауданында қайғылы жағдай тіркелді, ағайынды екі бала суға батып кеткен. Олар Ошақты суару каналына құлап, балаларды ағыс алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайтты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растаған. Қайғылы оқиға Түркістан облысы Еңбекші ауылында 31 мамырда кешке болған. Суару каналына құлаған балаларды қатты ағыс алып кеткен.

"Іздестіру іс-шараларына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция және жедел құтқару жасақтары департаментінің 73 қызметкері, сондай-ақ, 11 техникасы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды", - деді Түркістан облысы ТЖД өкілі. 

ТЖД мәліметі бойынша балалардың үлкені 13 жаста, кішісі 8 жаста болған. Олардың біреуінің сүйегі сол түні табылса, екіншісінің сүйегі келесі күні табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!