Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өңірдің полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында адам саудасы үшін 400 мың теңге алған "Ш" есімді ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, "Ш" есімді азамат 2 жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеп, Шымкент қаласында оларды сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сондай-ақ, адам саудасына тағы 10 адамның қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр. Қазір адам саудасы дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!