• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Түркістан облысында XIII ғасырдың ескерткіші жартылай құлады

Түркістан облысында XIII ғасырдың ескерткіші жартылай құлады
Фото: facebook.com/zhylbek

Түркістан облысында XIII ғасырдың тарихи ескерткіші "Ақсүмбе" ("Ақбикеш") мұнарасы жартылай құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2019 жылдың мамыр айында мұнара Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізілген.

Мұнара қатты жел мен жауын-шашынның салдарынан қираған.

"XIII ғасырдың тарихы бар ескерткіш шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Осыған байланысты облыстық мәдениет басқармасы "тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне 2025 жылға арналған ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жоспарына енгізу туралы ресми хат жолдады", - деп хабарлады әкімдік Tengrinews.kz-ке.

Әкімдіктің мәліметінше, мұнара Созақ ауданы Ақсүмбе ауылынан батысқа қарай 1 шақырым биіктікте орналасқан.

"Аксүмбе" мұнарасы ерекше. Мұнараның бастапқы өлшемдері - ені 14 метр және биіктігі 25 метр болған, ал қазір ені шамамен 7 метр және биіктігі 11 метр", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ ведомствода 2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгені нақтыланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова