Түркістан облысында 9 бала мерт болды: жаңа дерек айтылды

Түркістан облысында 9 бала мерт болды: жаңа дерек айтылды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысының полициясы жеке үйдегі өрт кезінде 12 адам қайтыс болған оқиғаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 18 қарашада таңертең Жетісай ауданы Алғабас ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Өрттен 12 адам қаза тапты, олардың арасында 9 бала бар.

"Үйде екі отбасы, ата-аналар мен балалары болған. Өрт шығып, төбесі опырылған. Өңірлік уәкіл психологиялық қолдау орталығымен бірге оқиға орнына барды. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске салайық, бұған дейін Президент Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажет көмекті көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget