Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан оқиға орнынан сурет, видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жетінші арна" өрт шыққан үйді көрсетті.
Арна мәліметінше, қаза тапқан балалардың ішіндегі ең кішісі - 2024 жылы туған бала.
Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.
Қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!