Түркістан облысында өңешінде ине тұрып қалған сәби аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 9 айлық сәби облыстық балалар ауруханасына түнгі уақытта жедел жәрдем қызметімен шұғыл жеткізілген.
"Сәби абайсызда ине жұтып қойған. Дәрігерлер дереу рентгенологиялық тексеріс жүргізіп, бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтады. Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары - хирург Мұхағали Темірбеков пен эндоскопист Бабыр Ырысқұлов өңеште тұрып қалған инені алды", - деп жазылған хабарламада.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы
Қазір баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйіне шығарылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова