ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!