Түркістан облысында 8 тұрғынды алдап соққан тұрғынның ісі сотқа жетті

Жетісайда полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған бизнес жоспар жасап, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген.

Танысының сөзіне сенген тұрғын оған 1,5 миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған әйел түрлі сылтаулар айтып, тіпті бір жылға жуық уақыт алдап келген.

Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің осыған ұқсас тағы жеті фактіге қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгені құрады. Ол алған қаражатты бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда оның ісі сотқа өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!