- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 8...
Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлаған ер адамға үкім шықты
Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлады деп қамауға алынған өгей әкеге үкім шықты, - деп хабарлайды OTYRAR басылымы.
Басылым мәліметінше, ол аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, 39 жастағы сотталушы өз қылмысын ішінара ғана мойындаған.
Істі қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2019 жылдың қаңтарынан бері сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап келген өгей әке тек соңғы қылмысын мойындағанын айтқан.
"Сотталушының кінәсі толық іс материалдарымен дәлелденген. Нәтижесінде, сот оны Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен және 121 -бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танып, жалпы 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындаған. Сонымен қатар сот психиатриялық сараптама қорытындысына сай сотталушы "педафилия" ауруымен ауырғандықтан сот оған химиялық кастрация түріндегі медициналық емдеу тағайындаған", - деді сот өкілі.
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі қатаң мекемеде өтейді.
Еске салайық, Түркістан облысында 8 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған. Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болған.
Г. Досымшалова