Түркістан облысында 7 күн бұрын әйел мен оның төрт баласы жоғалып кеткен: полиция не дейді?

Түркістан облысында 7 күн бұрын әйел мен оның төрт баласы жоғалып кеткен: полиция не дейді?
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысында әйел мен төрт баласы аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Отырар ауданының тұрғыны полицияға жұбайы төрт баласымен бірге 7 күн бұрын үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз екені туралы арызданған.

Бұл дерек бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.

"Із-түссіз жоғалған әйелдің қасында жастары 6, 5, 3 және 10 айлық төрт баласы болған. Полицейлер ауданның кіреберісі мен шығаберіс бағыттарына бақылау бекеттерін қойып, көліктерді тексерді. Сонымен қатар, көршілес аумақтарға арнайы бағыттама жолданып, іздеу шаралары күшейтілді. Азаматтарды аман-есен табуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар үздіксіз жүргізілді", - деді өңір полициясы.

Әйел мен балалар аман-есен табылды

Нәтижесінде жоғалған әйел балаларымен бірге таксимен келе жатқан жерінен анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

"Тексеріс барысында әйел күйеуімен арада болған тұрмыстық келіспеушіліктен кейін ренжіп, балаларын және құжаттарын алып, Шымкент қаласына кетіп қалғаны белгілі болды. Онда ешкімге айтпастан пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Жақын туыстары шақырылып, полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне аман-есен оралды", - деді Түркістан облысы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget