Түркістан облысында 69 жастағы қарияның үйінен арқардың мүйіздері табылды

Түркістан облысында 69 жастағы қарияның үйінен арқардың мүйіздері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады. Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!