- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 6-сынып...
Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Түркістан облысында полиция қызметкерлері 5-сынып оқушысының зорлау дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл дерек "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"29 наурызда Төле би аудандық ішкі істер бөліміне ауданның жергілікті тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына сексуал сипаттағы әрекеттер жасағанын айтып арызданған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажет шараны қабылдады.
Бірқатар тиіс сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Істің тергелуі Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, "НеМолчи.kz" қорының сенім телефонына мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оның жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-те болған жайт туралы жазба жариялады.
"Жәбірленушінің анасы сол мектепте жұмыс істеген. Оның үйіне мектеп әкімшілігі келіп, іс қозғамауды өтінген, нәтижесінде ол ұжымға ренжіп, ауылдан кетіп қалған", - деп жазды Дина Таңсәрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек