Түркістан облысындағы кей аймақтарда күн райы 59 градусты көрсетіп тұр. Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ал синоптиктер ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.
"Түркістан облысында аптап ыстық 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазір ауа райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 болып тұр. Қызылқұмда +44, Қазығұртта +40, Арыста +43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында +42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмкін. Ал 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немес 5 градусқа төмендеуі мүмкін", - деді "Қазгидромет" РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.