- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 59...
Түркістан облысында 59 градус ыстық болды
Түркістан облысындағы кей аймақтарда күн райы 59 градусты көрсетіп тұр. Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ал синоптиктер ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.
Г. Досымшалова"Түркістан облысында аптап ыстық 23 шілдеге дейін жалғасады. Қазір ауа райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 болып тұр. Қызылқұмда +44, Қазығұртта +40, Арыста +43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында +42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмкін. Ал 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немес 5 градусқа төмендеуі мүмкін", - деді "Қазгидромет" РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метерология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.