Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған. Жантүршігерлік жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ер адамның мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.

Қанды қылмыс Қарамұрт ауылында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көрген. Шошыған балалар көршілері мен туыстарын шақырыпты.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақат салып, кейін өзі де қайтыс болған", - деді Түркістан облыстық ПД өкілі.

Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget