Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл босанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде 54 жастағы әйел ЭКҰ арқылы жүкті болып, ота жолымен салмағы 4510 грамм ұл баланы дүниеге алып келді.
Бүгінде ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл отбасыдағы екінші сәби, 2020 жылы 51 жасында тұнғыш қызын босанған. Сәбиін қолына алған ананың қуанышында шек жоқ, дәрігерлерге алғысын білдірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!