Түркістан облысында 45 жастағы шетелдікке іздеу салынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік Уильямс Коулға (Williams Cole) іздеу салды. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарияланған бағдарламаға сәйкес, іздеу ісі бүгін, 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген.

45 жастағы ер адамды Сарыағаш аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатыр. Бұл ретте іздеуге ҰҚК бастамашы болған.

Уильямс Коул қай елдің азаматы екені, оған не үшін іздеу жарияланғаны және басқа да мәліметтер хабарланбады. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап жатыр.

Фото qamqor.gov.kz сайтынан

Еске салайық, көктемде ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Мұхтар Әблязовпен байланысы болуы мүмкін бельгиялық кәсіпкер және инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялаған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз