- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 40...
Түркістан облысында 40 жастағы әйел үшем босанды
Фото:
otyrar.kz
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева екі қыз бен бір ұл босанды. Нәрестелердің салмағы — 1875, 1735, 2040 грамм, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа туған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшем медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулығы жақсарған соң, перзентханадан шығарылған.
Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осылайша, көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар боп қызмет етеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан