ҰҚК есірткінің ірі партиясын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы "Жібек Жолы" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жуық есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша "героин").
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.