Түркістан облысында 29 жастағы қыз құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған тұрғынның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаж құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті.
Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!