- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 2,8...
Түркістан облысында 2,8 миллиард теңге бюджет қаржысы жымқырылған
Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 миллиард теңге бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.
Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлері 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.
Осы дерек бойынша құжаттар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен тіркелді (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету), Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу жүргізіп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 миллион теңге қайтарылды.
Тексерулер жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова