“Түркістан облысында 24 жастағы жігіт зорланған“: сот өтіп жатыр

Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында ауытқуы бар 24 жастағы жігіттің зорлануына қатысты іс соңына таяды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Бұл оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының жазбасынан белгілі болды. Ұйымның деректеріне сүйенсек, даму деңгейі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес 24 жастағы жігіт жылдар бойы туысқандары мен көршілерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның, соның ішінде кәмелетке толмағандардың да қатысы бар екенін айтқан. Алайда айыпталушылар орындығында жігіттің тек кәмелетке толған үш туысқаны отыр.

Оларға қандай айып тағылған?

Іс жабық режимде өтіп жатыр. Екі айыпталушы бірнеше рет жасалған топтық зорлау бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1 және 4-тармақтары) айыпталып отыр.

Үшіншісіне топтық зорлау және ұрлық бойынша (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігі 1-тармағы; ҚК-нің 188-бабы) айып тағылған.

Прокуратураның ұстанымы

30 қыркүйекте сотта тараптардың жарыссөздері өтті. Прокурор үш айыпталушыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!