Түркістан облысында жүк көлігіндегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазығұрт ауданында, Рабат ауылынан 8 шақырым қашықта, республикалық маңызы бар Алматы - Термез - Ташкент тасжолында тіркемесі бар жүк көлігі және шамамен 1 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанған.
Жүк көлігінде 22 тонна синтетикалық май болған. Өрт салдарынан жүк көлігі мен тіркеме толық жанып, синтетикалық майдың бір бөлігі жолға төгілген. Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖМ күштері өртті толық сөндірген.
"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жол қызметінің мамандары жұмыс істеп, синтетикалық майдың салдарын жойды. Жұмыстар шамамен 500 метр жол учаскесін қамтыды", - деді ТЖМ өкілдері.
Төтенше жағдайға ТЖМ-ның 20 қызметкері, 5 техникасы жұмылдырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова