Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суы толған шұңқырға батып кетті

Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суы толған шұңқырға батып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 қазанда сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын салдарынан 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.

"Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, жауын салдарынан қараусыз қалған бала қаза болды. 

"Қазығұрт ауылында сағат 9.30 шамасында 2020 жылғы бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, үйдің аумағындағы жаңбыр суына толған шұңқырға құлап, батып кетті", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!