Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туғаны туралы ақпарат тарады

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туғаны туралы ақпарат тарады
Фото: Midjourney

Түркістан облысында 15 жастағы оқушы босанғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, күдікті - қарт көршісі. Жергілікті тұрғындар күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша қыз ақпанда босанған, ал жақында баланың болжамды әкесі, яғни 71 жастағы көршісі ұсталған. Бір нұсқа бойынша күдікті - қыздың отбасының туысы.

Бұл оқиға туралы жергілікті тұрғындар білгеннен кейін күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап еткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Түркістан облысы Полиция департаменті күдікті ұсталғанын, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget