- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 13...
Түркістан облысында 13 миллион теңге қарызы бар автокөлік жүргізушісі ұсталды
Түркістан облысының полицейлері қаржы мекемелерінің біріне 13 миллион теңге бершегі бар азаматты ұстады. Полицияға оны ұстау туралы өтінішті Сарыағаш ауданының сот орындаушысы берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кезекшілер ЖБО бақылау камераларының көмегімен облыс орталығы мен республикалық маңызы бар жолдарды тексерді. Сонымен бірге автокөліктің қозғалысын тіркей алатын бейнежазбаларды мұқият қарап, патрульдік полиция экипаждарын борышкердің көлігін тоқтатуға бағыттады", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі сағат ішінде республикалық маңызы бар трассалардың бірінен "Тойота" маркалы автокөлікті анықтады. Операторлар деректерді патрульдік полиция инспекторларына тапсырды, олар аталған көлікті тоқтатып, айыптұраққа қамады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан