Елімізде өткен жылы рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды. 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген. Қазақстан паспортын алғандардың ең жасы 10 күндік сәби болса, ал ең егдесі 110 жаста, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Ол - Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Оңай Бегімбаева.
"Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен соң, полиция қызметкерлеріне айттық. Міне, әкеліп отыр бүгін. Шетелге шығатын да паспорт берді. Жеке куәлікте берді",-деді Бегімбаеваның ұлы Жұмамұрат Бекбаев.
Жуырда ауданның полицейлері қарияға жаңа жеке куәлігі мен төлқұжатын үйіне жеткізіп берген. Оңай апа бүгінде үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!