- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 11...
Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті: тағы үш адам іздестіріліп жатыр
Фото:
Tengrinews.kz
Түркістан облысында суға кеткен тағы үш адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, жалпы 8 адамның денесі табылған. Оқиға орнында ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. Табылған суға батқандардың үшеуі кәмелетке толмаған. Құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Еске салайық, 21 тамызда Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткен болатын. Бастапқыда құтқарушылар 6 мәйітті тапты. Шәуілдір-Көксарай бағытындағы Сырдария өзеніне 21 адам шомылуға барған.
Оның 13-і - ересек, сегізі - жасөспірім.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина