Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде құны 100 миллиард теңге болатын күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зауыттың құрылысы 2024 жылы басталады.
"Бүгінде облыс өнеркәсібінің негізі - тау-кен өнеркәсібі, яғни уран өндірісі. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жер учаскісі анықталып, компания тарапынан техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. 2024 жылы зауыттың құрылысы басталады. Жобаның құны - шамамен 100 млрд теңге", - деді Дархан Сатыбалды өңірлік коммуникация қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!